ШҚО әкімдігі алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертті
stopfake.kz
Ресми ақпарат
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары!
Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары атынан фейк парақша ашып, түрлі сылтаумен (көбінесе қарызға ақша алу) көмек көрсетуді сұрап, хабарлама жіберген жағдайлар көбейіп кетті.
Осы орайда алаяқтардың арбауына түспеулеріңізді және осындай хабарлама алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз