KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Сот мас күйінде көлік жүргізген адамды жазаламаған

pixabay.com

9.11.2024, 18:00 107 Назерке Каримова

Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйінде көлік тізгіндеген жерінен тәртіп сақшыларының қолына түскен.

Алайда қылмыс құрамының белгілері мен іс бойынша жиналған дәлелдерге қарамастан, Самар аудандық соты оны негізсіз ақтаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Бірақ Самар ауданы прокурорының апелляциялық өтінішхаты бойынша Шығыс Қазақстан облыстық соты бірінші саты сотының үкімін жойып, жаңа айыптау үкімін шығарды, - деп мәлімдеді ШҚО прокуратурасы. – Заң бұзушы кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығы шектеліп, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылды.


Облыс прокуратурасы көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу