KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Ең арзан және ең қымбат. Футболдан әлем чемпионатындағы билеттердің бағасы

6.06.2018, 15:24 135

Футболдан Ресейде өтетін Әлем чемпионатын тамашалауға 4,5 мыңға жуық қазақстандық баруға асығып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Топтық кезеңдегі ойындардың ең арзан билеті 70 доллар тұрады, ал ең қымбаты финалдық ойынға болады  - 250 доллар шамасында.


Бүгін белгілі болғандай, миллионға жуық адам 2018 жылғы Әлем чемпионатының жанкүйерлік төлқұжатын сатып алып үлгерген.


Футболдан әлем чемпионаты 14 маусымнан 11 шілдеге дейін Ресейдің 11 қаласында өтеді. Ашылу салтанаты, алғашқы ойын, финал және 12 кездесу Мәскеуде болады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив