KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Семейде 18 жастағы қыз жоғалып кетті

30.05.2018, 14:30 229

Бойжеткеннің жоғалып кеткеніне он күннен асты. Соңғы рет Зарина Григоренконы 19 мамыр күні таңертең көрген. Ол 71 квартал ауданында орналасқан үйінен шығып, педагогикалық колледжге бет алған. Бірақ оқу орнына ол сол күні келмепті.


Бір айта кетерлігі, қызды бұған дейін сәуір айында бір рет ұрлап әкеткен екен. Туған-туыстары уақытында тез қайтарып алған.


Енді тәртіп сақшылары қызды іздестіріп жатыр. Күдікті дегендерден сұралса да, әзірше жөнді ақпарат жоқ.


Жоғалып кеткен күні Заринаның үстінде джинсы күртке, сары жейде, джинсы шалбар және ақ кроссовка болған.


Қандай да ақпараттарыңыз болса, қыздың жақындарына немесе еріктілерге хабарласуларыызды сұраймыз:    8 747 349 57 17, 8 747 063 53 13, 8 747 212 15 84 немесе 102.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив