KZ
Өскемен
+1°
снег жел 5 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Министр Әбілқасымова ана мен балаға бөлінетін қаржының қысқаруын түсіндірді

27.04.2018, 07:09 99

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова бір жасқа дейінгі балаларға төленетін қаржының бюджетте неліктен қысқарғанын түсіндірді


-Осы бюджеттің шығыстары 5 млрд 700 млн теңгеге азаюының бірнеше себебі бар. Біріншіден, 2,7 млрд теңге - бұл бала тууына арналған бір жылдық жәрдемақы және бала бір жасқа толғанға дейін күтіміне ай сайынғы жәрдемақы алушылардың болжамды санының азаюына байланысты. Бұл ең бірінші себеп. Біз жоспарлағанда - 5 жыл бойы бала туу динамикасы өсіп жатқан. Бірақ 2017 жылға қарасақ, туу 19 мың балаға азайды. Осы жылы жәрдемақы алатын адамдардың саны қайтадан азаятынын күтіп отырмыз. Осы жылдың шығыстарын қарастырғанда, біз сол бес жылдың динамикасын алған едік. Бірақ, 2017 жылдың қорытындысы бойынша біздің болжамымыз өзгерді. Бұл негізгі себеп. Бірақ, айта кетейін, осы жәрдемақының саны да мөлшері бірқалыпта қалды. Тіпті өсіп келеді, - деді министр.

Оның айтуынша, бала күтіміне байланысты төлемдерді қазір көп әйелдер жұмысқа орналасып, оны әлеуметтік сақтандыру қорынан алып жатыр.


-Тағы бір себеп - өздеріңіз білетіндей, бірінші және екінші балаға арналған төлемдердің мөлшері аздау болады да, үшінші және төртінші балаға көбірек төленеді. Қазіргі біздің болжам бойынша үшінші және төртінші бала тууға байланысты төлемдердің саны азайды. Бір және екі балалы жанұялардың саны көбейді. Сол себептен біз шығыстарды қайта қысқарттық. Бірақ, барлық төлемдердің мөлшері айтқанымдай бір қалыпта қалып жатыр. Тіпті мөлшері өсіп келеді, - деп түйді Мәдина Әбілқасымова.

 


 


Дерек көзі

ҚазАқпарат


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив