KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да дропперлерден 62 млн теңгеден астам ақша өндірілді

pixabay.com

9.11.2024, 15:00 99 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы алаяқтарға қылмыстық қаржылық операцияларды жүзеге асыруға жеке тұлғалардың көмектесу фактілері жиілегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Яғни, қарапайым адамдар киберқылмыскерлер ұрлаған ақшаны аудару үшін өз жеке есепшоттарын пайдалануға беріп, ол үшін ақы алатын болған.

- Бас прокуратура мен Жоғарғы соттың бірлескен жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің негізсіз баю туралы 953-бабы негізінде дропперлерден қаражат жинау тетігі әзірленді, - деп мәлімдеді ШҚО Прокуратурасы. - Бүгінгі таңда сотқа 83 жәбірленушіден 160 млн теңгеден астам сомаға талап-арыздар түсіп, оның 52-сі қанағаттандырылып, дропперлерден 62 млн теңгеден астам ақша өндірілді. Қалған істер қаралуда.


Егер дропперлердің алаяқтыққа қатысы бар екені анықталса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Прокуратура азаматтарға оңай табыс табу туралы ұсыныстардан сақ болуды, жеке деректерді ешкімге бермеуді және мұндай схемаларға қатысудан бас тартуды ұсынады.

Алаяқтардың арбауына түскен жағдайда полицияға немесе прокуратураға хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу