KZ
Өскемен
плотный туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Курсанттар әскери тағылымдамадан өтті

9.04.2018, 04:46 208

Еліміздегі Құрлық әскерлері әскери институты мен радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының 4 курс курсанттары «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімдерінде әскери тағылымдамадан өтуде.


-Әскери тағылымдаманың мақсаты – әскери институтта алған теориялық білімдерін және практикалық машықтарын мамандықтары бойынша шыңдау, жүктелген міндеттерін әскери бөлімдерде өз еркімен орындауға дайындау болып табылады. Бұл тағылымдама маған және менің курстастарыма взвод командирі ретінде, жеке құраммен жұмыс атқару үшін өмір мектебі болды. Әскери тағылымдама барлығымыз үшін пайдалы, себебі біз осында аға офицерлік буынның тәжірибесін үйренеміз, білімімізді толықтырамыз,- дейді Құрлық  әскерлері әскери институтының 4 курс курсанты Эльдар Есетов


 Тағылымдама барысында курсанттар бөлімшелерді басқарудағы лауазымдық міндеттерін атқару, бағыныстыларын оқыту және тәрбиелеу жайлы ақпарат алды. Жауынгерлік, техникалық, моральды-психологиялық және тылдық қамтамасыз ету бойынша іс-шараларын ұйымдастырудың қыр-сырын меңгерді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив