KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 2 м/с, С
478.96 533.03 5.22

ШҚО әкімі Үкімет басшысынан көмек сұрады

28.03.2018, 06:42 163

Облысымыздың бірқатар аудандарында орын алған төтенше жағдайға байланысты аймақ басшысы Даниал Ахметов Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтан көмек сұрады. Себебі біздің аймақта қарқын алған су тасқынымен күреске қажетті құрал-жабдықтар жетіспейтін көрінеді.


- Төтенше жағдайлар департаментінің бірде-бір құрал-жабдығы жоқ. Мысалы, мотопомпа. Жоспар бойынша облыста 249 мотопомпа болуы керек. Ал бізде оның 55–і ғана бар. Ең қажетті көшпелі мотопомпа норма бойынша 112 болуы керек. Бізде екеу ғана. Қайықтар 69 болуы қажет, бізде 14 қайық қана бар. Жол талғамайтын көлік, салайдағыш 55 болуы тиіс, біреуі де жоқ, - деді облыс басшысы.

Атап айтсақ, бұдан бөлек облыс бойынша төтенше жағдайлар қызметінде 55 көлік болуға тиіс, ал біздегі көліктің саны - 9. Су басында жүретін қызметшілерге де гидрокомбинезон қажет. Ондай комбинезон 1 мың дана болуы керек екен. Ал бізде тек 86 ғана.


- Биылғы жылдың басында 300 млн теңге бөлінді. Қазір тағы 200 млн бөліп отырмыз. Бірақ осы мәселені бірге шешуге мүмкіншілік тауып берсеңіз, - деді Даниал Ахметов Үкімет басшысына.

Өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев ұсыныстың орынды екенін айта отырып, өзінің орынбасарына қажетті органдармен бірлесіп, мәселені қарап шығуды тапсырды. Премьер-министрдің айтуынша, мұндай жағдай тек Шығыс Қазақстанда ғана емес, басқа да облыстарда болуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив