KZ
Өскемен
+1°
снег жел 5 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Риддер мен Шемонайхаға дәрігер және мұғалім мамандар керек

8.03.2018, 05:00 174

Биыл өңірлік квотамен біздің облысқа Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан көшіп келетін отбасылар негізінен Риддер, Шемонайха қалаларына, кейбірі аудандарға қоныстандырылмақ. Қазіргі күні Риддер мен Шемонайхада бағдарламаға қатысатын адамдарға арналып екі көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр, құрылысы биыл бітеді.


Риддер қаласына әсіресе, мұғалімдер мен дәрігерлер қажет болып отыр. Шағын шаһардың мектептеріне ән сабағы, ағылшын, тарих, математика, физика пәндерінің мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, хореографтар, емханаға нарколог, терапевт, психиатр тағы да басқа мамандар керек.


Катонқарағай ауданына да былтыр Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан жұмыссыз отырған жеті отбасы көшіп келіп, жұмысқа орналасқан. Алматы облысынан келген Ержан Нұрекенің отбасы қазір Катонқарағай ауылында тұрып жатыр. Ержанның жұбайы Нұрдана Омар (суретте) осы ауылдағы орта мектепте бастауыш сыныптарының мұғалімі болып еңбек етуде.


Наталья Банникова, Шемонайха ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры:


-Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жалпыға бірдей кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 2017 жылы біздің ауданға 35 отбасы көшіп келді. Бүгінгі күні олардың 90 пайызы жұмыс істеп жатыр. Үш отбасы ауылдарға қоныстанды: олардың мүшелері Зевакинодағы медициналық әлеуметтік мекемеде, Выдриха ауылындағы «Уба» шипажайына жұмыс істеп жатыр. Біздің жақтың ауылдарында үйдің бағасы 500-600 мың теңге тұрады, ай сайын бір жыл бойы берілетін субсидияны бір рет толығымен алып, ол қаржыға үй сатып алған отбасылар да бар. Көшіп келген отбасылардың көпшілігі жалға алған баспаналарда тұрып жатыр, жалдау шығыны мемлекеттен бөлінген субсидиямен төленіп отыр. Биылғы қыркүйек айында Шемонайха қаласында салынып жатқан 60 пәтерлік көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген соң, олар сол жаңа үйге қоныстанады. Биыл біздің ауданға Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан тағы да 33 отбасы көшіп келмек, нақты келісім бар. Олардың көпшілігі мұғалімдер мен дәрігерлер, медбикелер отбасы. Аудан мектептерінде мұғалімдер, аурухана, емханада дәрігерлер тапшы болып тұр, шаруашылықтарға агроном, мал дәрігері де қажет. Қазірдің өзінде Шемонайхаға төрт отбасы көшіп келіп қойды, мүшелері темір жол мекемесі мен мектепке орналасты. Осы наурызда тағы да бірнеше отбасын күтіп отырмыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив