Әкімдік ғимараты жөндеуден өтті
Коробиха ауылдық округіндегі әкімдік ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған жергілікті бюджеттен 3 миллион 800 мың теңге бөлінген.
Әкімдіктің ішінде орналасқан кітапхана, клуб, «Қазпошта» бөлімшесі де жөндеуден өтті. Бюджеттен қарастырылған қаржы есебінен ғимараттағы ескі терезелер пластике алмастырылып, едендерге бетон төселген. Бұдан бөлек электр жылыту жүйелері жаңартылғанын айта кеткен орынды.
Сондай-ақ «Промэлектросвязь» ЖШС жүргізген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде «Қазпошта» бөлімшесінің есігі ауыстырылып, клубқа жаңа сахна қойылған.