KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Бірлескен шабыттар «Императорда» тоғысты

5.02.2018, 07:13 114

2018 жылғы 3-ақпанда сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін Шығыс Қазақстан Өнер музейі  мен облыстық драма театры «Император» сауда кешенінде алғаш рет бірлескен мәдени акция өткізді. «Бірлескен шабыттар шоғыры» деп аталған бұл акцияда сауда кешенінің тұтынушыларына бейнелеу өнерінің көрмесі және флеш-моб ұсынылды.


«Руханижаңғыру» жобасының бастамалары Өскемен қаласының мәдени өмірін айтарлықтай жандандыра түсті. Бүгінге дейін кітапхана, музейдің тыныш залы мен театр сахнасы сияқты өздеріне бөлінген аумақтарда селқосқана тіршілік етіп келе жатқан өнер – ендігі жерде халыққа қарай өздері жақындай түсті. Ал халық сенбі күні, әрине, сауда орындарын аралап, оның ішінде«Император» сауда үйінеде көп келеді. Сондықтан да өткен сенбі күні осы ғимараттың сауда залында қала тұрғындары мен қонақтарын әдебиет, театр, бейнелеу өнерінің музалары қарсы алды.



 


Сағат 12.00-ден 16-00-ге дейін«Император»сауда кешенінің бірінші қабатында Өнер музейінің жылжымалы көрмесі жұмыс істеп, онда музей салонындағы облыс суретшілерінің суреттері, негізінен пейзаждар мен натюрморттар қойылды. Олардың арасында Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Н.П. Аштема, Е.С. Тұрғанбаев,  В.Е Калинин, Ә.Т. Шоқанов сынды танымал қылқалам шеберлерінің туындылары болды. Қаланың өнер сүйер қауымының арасында, сондай-ақ,көрмеге қойылған В.Е. Шипилов, Г.М. Бекбердинова, А.В.Коротаевтардың жұмыстары да жақсы танымал және үлкен сұранысқа ие. Музей мамандарын шемонайхалық жас суретші Ю.В. Сорокинаның дебюттік жұмыстары таңдандырды. Оның «Сары раушангүлдер» деп аталатын жұмысы көрермендер тарапының мол ықыласқа бөленді. Бұдан былай бұл картиналар музейдің салонында ұзақ жатып қалмай, өздерінің жаңа қожайындарын табады ғой деп үміттенеміз. Өнер туындылары – өте бір ерекше товар. Жалпы, адам үшін жылы тон мен адамның көңіліне қуаныш ұялатып, жанына жылулық сыйлайтын жақсы картинаның қайсысы маңыздырақ болып табылатындығын әлі ешкім нақтылаған жоқ.



Жиналған көпшілікке облыстық драма театрының артистері де тамаша көңіл-күй сыйлады. «Аршин мал алан» премьералық қойылымнан көрсетілген флеш-моб пен орындалған әсем әуендердің театрға жаңа көрермендерді көптеп тартатындығы сөзсіз. Мұндай мәдени шаралардың көздейтін ең басты мақсаты да осы. Музейшілер мен театралдар «Император» сауда кешенінің әкімшілігі мен директоры С.В.Коротинге тұтынушыларды біраз уақыт көрермендерге айналдыруға мүмкіндік беріп, тиісті жағдай жасағаны үшін үлкен ризалықтарын білдіріп, алғыс айтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив