KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 6 м/с, В
526.81 542.72 5.16

ШҚО спортшысы Қытайда өткен Х әлем чемпионатында рекорд орнатты

Фото: telegram-pro vostok

9.09.2024, 10:13 101 Айжанат Бақытқызы

Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Қытайда өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша әйелдер арасындағы Х әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, ұлттық рекорд орнатты, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

7-10 қыркүйек аралығында Харбин қаласында (ҚХР) Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командалары қатысатын, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында  XIX әлем чемпионаты және әйелдер арасында X әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыста 20 спортшы бақ сынаса, оның 10-ы ерлер, 10-ы әйелдер. Чемпионатқа барлығы 21 ел, 10 ерлер және 7 әйелдер командасы қатысуда.

8 қыркүйекте «100 м кедергі жолақтарынан өту» сайысы бойынша әлем чемпионатының екінші кезеңі өтті.

Екінші талпыныстың алдын ала жарыстарында Қазақстан Республикасы әйелдер құрамасының спортшысы, шығысқазақстандық Регина Митрофанова 16,22 секунд нәтижемен әйелдер арасында Қазақстанның ұлттық рекордын жаңартты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу