KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер ашу аясында IASA-ның техникалық сараптамасы жүргізілді

9.09.2024, 09:54 75 Айжанат Бақытқызы

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі IASA бағдарламасының АҚШ Федералды авиациялық әкімшілігінің алдын ала техникалық бағалауынан сәтті өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылғы 26-30 тамыз аралығында Федералды авиациялық әкімшілік сарапшылары Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстерді іске қосу бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыс шеңберінде IASA-ға алдын ала техникалық бағалау жүргізді. Бұл алдын ала бағалау келесі жылы IASA аудитіне толық дайындалуға мүмкіндік береді.

«Алдын ала техникалық бағалау нәтижелері бойынша ФАӘ елді санаттамайды, бірақ елдің авиациялық билігіне алдағы IASA аудитіне тиімді дайындалуға мүмкіндік беретінін атап өтеміз. Өткен техникалық бағалау ұшу қауіпсіздігін қадағалаудың мемлекеттік жүйесінің 8 сыни элементтері бойынша Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына сәйкестігін айқындауға бағытталған»,-деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Бағалау нәтижелері бойынша елімізде ұшу қауіпсіздігін қадағалау жүйесінде елеулі ескертулер анықталған жоқ.

Сонымен қатар, анықталған сәйкессіздіктер бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР МТ Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп келесі жылы IASA аудитінен сәтті өту үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив