KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Қордағы қаржыны алудың жолы қандай?

1.02.2018, 07:15 198

–Мен 2017 жылдың 1 ақпанында 5 баламен 53 жасымда зейнеткерлікке шыққанмын. Зейнетақы қорымда 500-600 мың теңгедей қаржы бар. Оны 58 жасқа толғанда аласыз деп Жарма аудандық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы (ГЦВП) айтқан болатын. Ал енді биылғы заңдағы өзгерістер бойынша ол ақша ай сайынғы зейнетақыға қосылып беріле ме?


Ақмарал Тарпаңбаева


Әуезов кенті,


Жарма ауданы.


Сауалға «БЖЗҚ» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Дариға Дайрова жауап береді:


– Сіз 53 жасыңызда мемлекеттік бюджет есебінен зейнетақы алу құқығына көпбалалы ана ретінде жеңілдікті шарттар негізінде ие болып отырсыз. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін заңнамада көрсетілгеніндей, зейнеткерлік жасқа толған кезде аласыз.


Яғни, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі – Заң) заңының талаптарына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі бар адамдарға төленеді.


Сұрағыңыздан белгілі болғаны, Сіздің туған жылыңыз – 1964 жылдың ақпан айы. Сәйкесінше, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алу құқығы 2026 жылдың тамызында – 62 жас 6 айға толған шағыңызда туындайды. Өйткені, заңға сәйкес әйелдердің зейнеткерлікке шығу мерзімі биылдан бастап 2027 жылға дейін 63 жасқа жеткенше жылына 6 айға өсіп отырады.


Әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтудағы басты мақсат – олардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін арттыру.


Сонымен, Сізге зейнеткерлік жасқа толған кезіңізде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері тек ай сайын берілетін болады. Бұл туралы Заңға енгізілген тиісті нормалар биыл 1 қаңтардан бастап күшіне енді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив