KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 0,8 м/с, СШ
478.89 528.74 5.29

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алуға бола ма?

25.02.2018, 10:43 159

– Маған банктегі берешегімді өтеуім керек еді. Сол үшін зейнетақы жинақтарымды мерзімінен бұрын шешіп ала аламын ба? Алу үшін қайда бару керек?


Гүлдәриға Жуаспаева,


Бородулиха ауданы


Сауалға «БЖЗҚ» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Қарлығаш Байділдаева жауап береді:


– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары заңнамада көрсетілген жағдайлар туындамай жатып мерзімінен бұрын берілмейді.


«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ, мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі бар адамдарға төленеді.


Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.


Бұдан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтары бар адам қайтыс болған кезде, заңнамаға сәйкес оның зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылады.


Ағымдағы заңда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен несиені төлеу, жылжымайтын мүлік сатып алу, оқу ақысын төлеу және басқа да шығындарға жұмсау мүмкіндігі қарастырылмаған.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив