KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

БЖЗҚ WhatsApp-пен тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын ескертті

5.11.2018, 13:00 197

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатыр». Өткен айда WhatsApp желісінде тараған осындай ақпарат, жұртты біраз әуре-сарсаңға салғаны рас. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ескертіп, салымшыларды қауесетке сенбеуге шақырады. Бұл туралы аталмыш қаржы институтының баспасөз орталығы хабарлайды.


Фейк-ақпараттың жиілеп кетуіне орай, қор барлық салымшылар мен алушыларды бейресми дереккөздерге сенбеуге және осыған жауапты тұлғалар заң алдында жауап беретінін еске салады.


«Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.


Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлік жасқа толған кезде ие болады», - деп көрсетілген қордың баспасөз хабарламасында.


Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтік желілерден таратылатын әр түрлі хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми көзден алынған ақпараттарға сену керектігін ескертеді.


Толығырақ www.enpf.kz сайтынан біле аласыздар.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив