ШҚМУ базасында археология институтын ашу ұсынылды
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында археология институтын құру ұсынылды. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметовтің «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобалардың жетекшілерімен кездесуі кезінде белгілі болды.
Облыс әкімі кездесуде жобалардың жетекшілерін тыңдап, оларға жобаларды жетілдіру бойынша бірқатар соны ұсыныстар берді. Мұнымен қоса, аймақ басшысы археологтар мен мұражай қызметкерлерін оқытуға гранттар бөлу туралы тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, осы жылы облыста өтетін археологиялық қазба жұмыстарына георадарлық зерттеу және сканерлеу жүргізетін шетелдік мамандарды тарту жоспарлануда.