KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Трамвайлар таңертең және түнде ғана жүруі мүмкін

17.01.2018, 06:48 263

Пайдаланған электр энергиясының ақысын төлемей, «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдындағы дебиторлық қарызы ай сайын өсіп  жатқан «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС басындағы жағдай күннен -күнге ушығып барады.


Алдыңкүні энергиямен қамтамасыз етуші  «Шығысэнерготрейд» ЖШС трамвай паркіне өздеріне берілетін электр энергиясына шектеу енгізетіндігі туралы хабарлады.    Шектеу «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС алдағы бір апта көлемінде «Шығысэнергорейд» ЖШС не  берешек 70 млн 416 мың теңгені төлемеген жағдайда   23 қаңтардан бастап  енгізілмек.


-Өкінішке қарай, біздің қазан, қараша, желтоқсан айларында  «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС мен жүргізген бірнеше  келісімдеріміз бұзылып, нәтижесіз аяқталды. Қазіргі күні трамвай паркінің біздің мекеменің алдындағы  қарызы үсті үстіне көбейіп отыр, егер 1 қазан күні  60 млн. теңге көлемінде берешек болса, бүгін он млн.ға артып 70  млн. теңгеге жетіп отыр. Өткен желтоқсан айына трамвай паркі электр энергиясы   үшін 5 млн 770 мың теңге төлек керек болса, 3 млн. 125 мың теңге ғана аударып отыр. Осылайша желтоқсан айында ғана қарыз 2,5 млн. теңгеге өсіп отыр. Біз әрі қарай трамвай паркіне бұлайша «демеуші» бола алмаймыз. Сол себепті 23 қаңтардан бастап сағат күндізгі 10. 00 ден кешкі 17. 00 ге дейін трамвай паркіне электр энергиясын беруге шектеу қойғалы отырмыз. Біз бұдан әрі қарай трамвай паркін қолдай алмаймыз, өзіміз де электр энергиясын өндіруші, таратушы кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерімізді орындауымыз керек. –деді «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС не  энергия беруді шектеуге неліктен мәжбүр болып отырғандықтарын айтқан «Шығысэнергтрейд» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Мстислав Мартемьянов.

Тұрғындарға кері әсерін тигізбес үшін трамвай паркіне  электр энергиясын беруге қойылғалы отырған шектеу туралы «Шығысэнерготрейд» ЖШС облыс, Өскемен қаласы әкімдігіне, төтенше жағдайлар департаментіне, прокуратураға  алдын ала хабарлаған.


«Шығысэнергорейд» ЖШС  күндізгі сағат 10 .00  ден кешкі сағат 17.00 ге дейінгі уақытта трамвай паркін энергиядан ажырататын болса қалалықтар бағасы 65 теңгелік арзан трамваймен таңертең және түнгі уақыттарда ғана жүре алатын болады. Дегенмен, серіктестік директоры орынбасарының айтуынша электр энергиясын шектеу мезгілі  тұрғындардың таңертең жұмысқа барып, кешке үйге қайтатын мезгіліне орайластырылып, қалалық жолаушылар тасымалы бөлімінің ұсынысымен келісіле жасалыныпты.


Шектеу туралы хабарлама алғанымен «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС басшылары тарапынан әлі ешқандай қозғалыс байқалмаған. Кепілдеме бермесе де, тіс жарып жазбаша да, ауызша да жауап қатпапты. Облыста  «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС  сияқты  «Шығысэнерготрейд» ЖШС не аса көп мөлшерде  қарыз болып отырған өзге кәсіпорын жоқ.


Өткен жылдың соңында «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС  «Шығысэнерготрейд» ЖШС не берешек миллиондаған қарыздарын кесте бойынша қайтаратындықтары туралы өзара келісімге келген болатын.  Өскемен қалалық жолаушылар тасымалы орталығының басшылығы облыс орталығында трамвайлар тоқтап қалған жағдайда олардың бағыттарын алмастыратын автобустар дайын екендігін айтып отыр. 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив