KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Шаңғымен сырғанап бағдарлаудан үздік болды

15.01.2018, 11:38 124

Өскемен қаласында шаңғымен сырғанап спорттық бағдарлаудан облыстық  біріншілігі өтіп, оған Аягөздегі № 4, № 7, № 3 орта мектептері мен Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебі, К. Бозтаев атындағы орта мектебінің оқушыларынан құралған аудан құрама командасы қатысып, аудан намысын қорғады.


Жастарымыз спорт  нұсқаушысы М. Ардашев пен "Жас техниктер" станциясының мұғалімі Е.Дүйсенғажиевтың қажырлы еңбектерінің арқасында айтулы жарыстардан жүлдесіз қайтпайтын болды. 13 – 14 жастағы спортшылар 4 көк бақылау пунктінен, 15 – 16, 17 -18 жастағылар үшін 7 қызыл бақылау пунктілерінен өтті. 13 – 14 жас, 15 – 16 жас, 17 -18 жас ерекшеліктері бойынша сынға түскен өрендеріміз 5 жүлделі орын алды. Атап айтсақ, Т. Құсманов (Д. Бабатайұлытындағы орта мектеп), А.Сарсенғалиев (Д. Бабатайұлытындағы орта мектеп) С. Аманғазин (Д. Бабатайұлы атындағы орта мектеп.), А. Аманғалиева (№ 4 орта мектеп), А.Орынжанова ( № 7 орта мектеп). Жарыс соңында жүлдегерлер облыстық спорттық бағдарлау федерациясының президенті О.Буштаренконың мақтау қағаздарымен марапатталды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив