KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 0,4 м/с, В
465.52 498.2 5.45

Аягөздің қыздары қызықты ойын көрсетті

4.03.2018, 05:10 185

Жуырда білім бөлімінің  ұйымдастыруымен аудан орталығындағы № 3 орта  мектепте2001 – 2004 жылдары дүниеге келген қыздар арасында  шағын  футболдан  аудандық жарыс  өткізілді. Жарысқа  Д.  Бабатайұлы  атындағы  орта   мектебінің, Ақтоғай  аймағынан(С.Сейфуллин  атындағы  орта мектебі,Ақтоғай орта  мектебінің, Ақтоғай 8 орта  мектептерінен)  құралған команда,«Шығыс»  аймағынанЖ.  Жабаев  атындағы, «Оңтүстік»   аймағынан Шыңғожа  батыр  атындағы, Мамырсу  аймағынан  С. Ғаббасов  атындағы орта мектебі,Сергиополь,А.  Көшкімбаева  атындағы, және Б.  Майлин  атындағы  орта  мектептерінің қыздары қатысты.Сондай-ақ, қала  мектептерінен жасақталған қыздар  құрама  командасы қатысты.Жиыны  7 команда  жарыс  жолына  шығып, өздерінің шеберліктерін сынады.



№ 1, № 6 орта  мектептерінің«Аягөз-1», «Аягөз-2» құрама  командалары І, ІІ  орынды  иеленсе, ІІІ  орынды  Мамырсу  аймағынан  С. Ғаббасов  атындағы орта мектебі,Сергиополь,А.  Көшкімбаева  атындағы  орта  мектебі, Б.  Майлин  атындағы  орта  мектептері  оқушыларынан  құралған  командалар жүлдесіз қалмады. Жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер және  жақсы  ойын  өрнегін көрсеткен  ойыншылар  жеке  кәсіпкер Қ.  Сапақовтың кубогымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив