KZ
Өскемен
+32°
переменная облачность жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

Аягөз регби құрамасы республикалық жарысқа жолдама алды

21.09.2018, 02:58 163


11 – 12 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында  регбиден 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында облыстық жарыс өткізілді.


Аягөз ауданының ұлдар құрама командасының сапында № 4 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары өнер көрсетсе, қыздар құрама командасының сапында № 4 орта мектебінің, Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебінің,К. Бозтаев атындағы орта мектебінің,№  3орта мектебінің оқушылары өнер көрсетті. № 4 орта мектебінің спорт нұсқаушысы М. Ардашев, «Жас техниктер станциясының» мұғалімі Е. Дүйсенғажыев дайындаған ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІ орынды иеленді. Ұлдар құрама командасы Талдықорған қаласында 27 – 30 аралығында өтетін Республикалық жарысқа жолдама алды.


Жарыс соңында команда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының мақтау қағаздарымен, медальдарымен , кубоктарымен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив