KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Дмитрий Рейхерд үшінші рет тұғырға көтерілді

10.01.2018, 02:42 174

Дмитрий Рейхерд Канаданың Калгари қаласында фристайлдың могул түрінен өткен Әлем кубогының кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.


Жарыс барысында екінші орыннан төмен түспеген жерлесіміз ақтық сында 86.43 ұпай жинап, доданың күміс жүлдесіне ие болды. Әлем кубогының жеңімпазы, жарыс қожайыны Микаэль Кингсбериге (89.55 ұпай) ғана жол берген Дмитрий тағы бір адуынды қарсылас австралиялық Мэтт Грэмнің (83.23 ұпай) алдын орап кетті.


Тағы екі шығысқазақстандық фристайлшылар Дмитрий Бармашов 20шы, Павел Колмаков,  52-ші нәтиже көрсетті.


Естеріңізге салайық, Дмитрий Рейхерд бұған дейін Финляндияның Рука қаласында өткен байрақты бәсекеде, сондай-ақ Қытайдағы Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Дәл қазір өскемендік спортшы әлемдік рейтингтің екінші сатысында тұрғанын айта кеткен орынды.


Өкінішке қарай, бұл жолы қыздарымыздың жолы болмады. Өскемендік Юлия Галышева іріктеу сыны мен алғашқы финалда топ басында болғанымен, финалда қателік жіберіп, бесінші орынға түсіп қалды. Аяулым Әміренова болса, 43-ші орыннан көрінді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив