KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Ауа бір ай бақылаусыз қалады

5.01.2018, 08:15 42

Өскемендегі экологиялық жағдайды бақылап, онлайн-мониторинг жасауға арналған құрылғылар жөнделеді. Сондықтан олардың жұмысы бір айға уақытша тоқтатылды.Мамандар құрылғыларды Мәскеуге жөнелтті.


    Ал аппараттар толық жөндеуден өтіп келгенше орталықтағы жиырмаға  жуық маман басқа жұмыстармен айналысады. Бұл – өңірдегі өндірістердің бір айда ауаға шығарған зиянды қалдықтарына мониторинг жасау да тоқтайды деген сөз. Ауа құрамын зерттейтін мұндай электронды құрылғылар еліміз бойынша тек Өскеменде бар. Қалаға алты жыл бұрын әкелінген құрылғылардың бүгінде тоғыз жерге эко-посты орнатылған.


Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Наталья Лелекованың айтуынша, ауа құрамын зерттейтін құрылғылардың жұмысы қаңтардың он бесіне қарай тоқтайды. Содан кейін үш аптадай  жөндеуде болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив