KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Өскеменде аспаннан күл жауды

27.09.2018, 09:07 182

Өскемендегі Питер коммунарлары көшесін күл басып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оның қайдан, қалай келгенін түсіне алмаған тұрғындар абыржулы. Адам денсаулығына қандай да бір зияны бар ма деген үрей басым көпшілікте. Аспаннан қапалақтаған ақ қылауларды әуелде қар деп ойлапты олар.


Тұрғындардың шағымы бойынша экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары күл басқан көшені келіп көрді.


– Экология департаментінің қызметкерлері күлді зерханаға алып кетті. Сондай-ақ тұрғындардың шағымына сәйкес жақын маңдағы «Май» АҚ кәсіпорнына тексеру жүргізіледі, – деді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив