KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Семейлік қолөнер шебері «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енуі мүмкін

6.11.2017, 11:28 176

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына үміткерлердің бірі Абылайхан Асылбай. Өндірісте жүріп, ауыр жарақат алған Абылайхан Асылбай жанталаса жүріп, бүгінде Семейде ғана емес, Қазақстанның ең үздік қолөнер шебері атанып отыр.


-Маған осы жобаға кірдіңіз, дауыс беру кезеңі басталды деп хабарлағанда қуанышым қойныма сыймады,-деді Абылайхан Асылбай,- ең алдымен журналистерге үлкен рахмет. Үнемі менің жасаған жұмыстарымды халыққа көрсетіп, жазып жатты. Бірінші топтағы мүгедекпін деп қарап отырғым келмейді, қазақ халқының тарихы бай, қолөнері ерекше. Олай болса ұлттық танымға мен де өз үлесімді қосқым келеді. Еңбек етіп, халқыма рухани жетістік сыйлайтыныма, пайда әкелетіндігіме сенімдімін. Осындай өнерді үйреткен ұстазым Дәркембай Шоқпаровқа ризамын. Әсіресе, батырларға арналған сауыт жасау өте күрделі, көп еңбектенуді қажет ететін жұмыс. Осының барлығын ол үйретті. Ал әйел әшекейлерін жасау үшін ұсақ бедерлермен жалықпай жұмыс жасау керек. Сөйтіп, Алматыға барып, осының оқуын да оқып келдім. Семейге келген кезде, өз үйімнің бір бөлмесінен шағын ғана цех ашып, жұмысын істей бастадым.

Абылайхан Асылбай ұзақ жылдар бойы кәсіби құрылысшы болған. Бір күні орманда биіктен құлап, омыртқасы зақымданады. Аяғы қозғалмай, қолы әлсірейді. Алған жарақаты өмір бойы осы диагнозбен өмір сүру қажеттігін көрсетеді. Абылайхан аға алғашында тіпті отыра да алмайтын. Күйзеліске түскен ол уайым-қайғысын жеңу үшін ежелгі ағаш қолөнерін игеруді қолға алыпты. Осыдан біраз бұрын өткен «Шығыс сувенирі» өңіраралық V қолөнер байқауының нәтижесі бойынша Абылайхан Асылбай Гран-при иегері атанды, содан кейін ол өз жұмыстарымен республикалық «Шебер» байқауына қатысты, халықтың ыстық ықыласына ие болды. Оның қолөнер еңбегі әр алуан. Күміс және сары металл сымнан тоқылған әскер сауыты, болаттан жасалып, былғары қапқа салынған қылыш, түрлі металдардан жасалған әйел әшекейлері, әртүрлі өрілген қамшы, ат әбзелдері, ер-тоқым және тағы басқалар. Шебер бұйымдарды жалықпай өңдеуді әдетке айналдырған.

Оның көптеген бұйымдары Қазақстанның мұражайларының төрінен орын алған. Тіпті шетелдіктер де оның өнерін жоғары бағалауда. Осы істі қалай меңгеру турасында ол шеберлік сағаттарын да өткізді. Өткен жылы кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Даму» қорының грантына ие болды. Бұл грантқа металл мен ағашты, сүйек пен теріні өңдейтін тамаша құрал-жабдық сатып алыпты. Абылайхан Қалқаұлы 2000 жылдан бастап «Қолданбалы көркемөнер саласындағы жетістіктері үшін», «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық акциясында «Жан-Шуақ» сыйлықпен марапатталған. «Жан жылуы» фестивалі, «Ұлы Дала жәрмеңкесі» сияқты көптеген респуликалық, облыстық, қалалық байқаулардың жүлдегері. Қолөнер шебері Абылайхан Қалқаұлы Асылбайдың қолынан жасалған жүзден астам туындылары бар. Атап айтқанда, қазақ батырларының киімдері мен қару-жарақтары, әшекейлер жиынтығы, музыкалық аспаптар, ыдыс-аяқтар, кәдесыйлар жиынтығы, тұрмыстық бұйымдар тағы басқа металл, тері және ағаштан жасалған жәдігерлер

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив