KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.55 533.75 5.36

Зейнеткерлер Выдрихадағы шипажайға тегін жолдаманы қалай алады?

20.09.2017, 08:11 259

Қарттық жасқа жетіп, қазынамызға айналып отырған қарияларымыздың, зейнеткерлердің дұрыс демалып, тынығуы үшін бүгінгі күні облыста екі бірдей шипажай қызмет көрсетіп тұр. Екеуінің де қызметі тегін.


Өскеменнен 100 шақырымдай жерде, Шемонайха өңіріндегі Усть -Таловка мен Выдриха ауылында орналасқан бұл демалыс орындарында қарттар 10 күн демалып қана қоймай, балшықпен сылау, фито терапия сияқты түрлі ем, дом алуларына да болады. Жыл сайын бұл демалыс орындарына облыс бюджетінен 287 млн. 300 мың теңге қаржы бөлініп келеді.


Алайда, мұндай демалыс орындарының барын ауыл тұрғындарының барлығы бірдей біле бермейді. Демалыс орындары қай мезгілдерде жұмыс істейді? Жолдаманы қалай алуға болады? Осы сауалдарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мамандарына қойғанбыз.

-Зейнет жасына жеткен зейнеткерлеріміздің, сондай -ақ мүгедектердің бәрі де екі санаторийде 10 күннен тегін демалып, емделіп жатыр. «Уба» санаториінде-200 адам, Усть-Таловкадағы екінші санаторийде 50 зейнеткер демалады. Жалпы, жылына бұл демалыс орындарында 5750 адам демалып жатыр. Демалуға жолдама берілетіндердің тізімі жылдың басында жасалады. Демалыс орындары демалушыларды қысы, жазы қабылдайды. Халқы тығыз орналасқан қалалар мен аудандардағы зейнеткерлерге демалыс кезегі шамамен екі жылда бір келеді. Мысалы, Өскеменнен биыл -1846, Семейден-1777, Бородулихадан-26, Катонқарағайдан -43, Күршім ауданынан -42 зейнеткер демалуда, басқа аудандардан да осы шамада. Санаторилерге жолдама алу үшін жергілікті жерлердегі аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімдеріне барып, кезекке тұру керек. Демалыс орындарының жағдайлары жақсы. Қазіргі күні Уба санаториінде төбесі жабық би алаңы салынып жатыр. Қазан айының басында пайдалануға беріледі. Зейнеткерлер түрлі мәдени іс-шараларды енді осы жерде өткізеді,-дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы Әлия Бариева.


Шемонайха ауданының Выдриха ауылындағы «Уба» санаториі 2002 жылы ашылған. Басқарма мамандары демалыс орындарының екеуі де зейнеткерлердің көңілінен шығып келе жатқанын айтады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив