KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

БАҚ өкілдері арасында футболдан кезекті кездесу өтті

3.07.2017, 04:33 122

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен журналистер арасында футболдан кезекті кездесу өткізілді, деп хабарлайды ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.


Жарысқа Көкпекті ауданы командасы, ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы, ШҚО-ның журналистер құрама командасы қатысты.


Айта кету керек, Көкпекті командасы футбол ойындарынан екі жыл қатарынан жеңіске жеткен болатын. Биыл да жеңісті қолдан бермеді.


Ойынның қорытындысы бойынша Көкпекті ауданынан келген «Жұлдыз – Новая жизнь» газетінің редакциясынан құрылған команда ұтып, жеңімпаз атанды. Ал ШҚО Денешынықтыру және спорт басқармасы ІІ орынды иеленді. ШҚО-ның журналистер құрамасы командасы ІІІ орыннан көрініп, үздік үштікті қорытындылады.


Ойын соңында сайыс қатысушылары мен жеңімпаздарын ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов құттықтады.


- Дәстүрге айналған мұндай кездесу байланыс және ақпарат қызметкерлерінің қарым-қатынасын нығайтуда маңызы зор. Қалың бұқараға салауатты өмір салтын насихаттап, футбол ойындарының мәнін жоғарылатуда сіңірген еңбектеріңізге алғысымды білдіремін! – деді Асқар Можанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив