KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Балалар үйінің тәрбиеленушілері он күнге ауылдарға барады

7.06.2017, 18:00 171



Облыстағы жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балалар маусым айының соңынан бастап Катонқарағай ауданының ауылдарына барып демалып қайтпақ.

Қазақстандағы 1-ші Президент қорының қолдауымен іске асырылғалы отырған «Алтын Алтай жас туристерді күтеді» қанатқақты жобасы аясында жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар Катонқарағай ауданы мен Риддер қаласының маңындағы ауылдарда ашылып отырған ауыл тұрғындарының меншік қонақ үйлерінде демалып, Өр Алтайдың, туған жердің сұлу табиғатын тамашалап, ұлтымыздың салт дәстүрлерімен тереңірек танысып қайтатын болады.

Алыстағы ауылдарға биыл Өскемендегі балалар ауылы мен Серебрянск қаласындағы коррекциялық мектеп -интернаттың балалары барады. Катонқарағай ауданының Өрел ауылынан, Бұқтырма жағалауындағы Қайыңды ауылынан балалар демалып, саяхаттайтын, оларға ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауды үйрететін 12 қонақ үй дайындалып отыр. Демалуға келген балалар ауылда болған он күнде қымыз, құрт, май дайындауды үйреніп, мал бағу, сиыр сауу сияқты ауылдың басқа да тұрмыс, тірлігімен танысады.

- Бұл жобаны Еуроодақ комиссиясының Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен шығыста үш жылдан бері іске асырылып келе жатқан ауылдық жерлерде туризмді дамыту жобасының жалғасы ретінде қолға алып отырмыз. Ауылдағы қонақ үйлердің бірінде демалушы балалардың шығармашылығын дамытып, жазғы демалыс сәтін ұтымды ұйымдастырумен шұғылданатын интеграциялық лагерь жұмыс істейтін болады. Ауылдардағы әр қонақ үйге 2000 еуродан бөлініп, ол қаржыға қонақ үйге қажетті тұрмыстық техникалар, төсек жаймаларын, ұлттық бұйымдар, балаларға қажетті басқа да заттарды сатып алдық. -дейді жобаның өңірлік менеджері Наталья Блох.

Жанаргүл Мұқатай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив