KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 3 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Алтайдың нар кенжесі - Катонқарағай (фотоэкскурсия)

23.10.2014, 18:00 295



Киелі Алтай таулары мен Мұзтаудың құзар шыңдары аспанмен тілдескен өлкенің төрінде жатқан Катонқарағай елдімекеніне атбасын тіресеңіздер, сіз оның жазушы қаламымен сұлулығын суреттеп жеткізе алмас таңғажайып табиғаты мен жайсаң мінезді, жомарт та қонақжай адамдарына кез боласыз.

Кезіндегі 90-шы жылдарда қоғамда тоқырау басталғанда, өзінің кеңестік заман тұсында дүркіреген аудан орталығы деген атауынан да айырылған еді. Еліміз есін жиып, еңсесін көтеріп, қайтадан ел қатарлы бой түзеді. Елбасымыздың салиқалы да көреген саясатының арқасында небары 20 жылдың ішінде Тәуелсіз еліміз Еуразия кеңістігінде ғана емес, бүкіл әлем танитын дамушы елдер қатарындағы жас әрі қуатты мемлекеттердің біріне айналды. Еліміз өркендеп, қанатын кеңге жайып, аяғынан тез тұрды. Байтақ даламыздың әр түкпірнде орналасқан көптеген елдімекендер, облыс, аудан орталықтарының тірлігі қайтадан жандана бастады.

Мінеки, солардың бірі, Кенді Алтайдың етегінде орын тепкен Катонқарағай ауылы. Тірек ауыл деген атауға лайықты болу үшін бүгінде Катонқарағайдың инфрақұрылымы жаңартылып келеді.Әр жыл сайын жаңа ғимараттар мен нысандар пайда болуда. Ауылдың орталығына қайта жаңарту жұмысы жасалған уақыттан бері, айналасы адам танымастай өзгеріп, жарқырап тұр.

Алтайдың нар кенжесі - Катонқарағай (фотоэкскурсия)

Алтайдың нар кенжесі - Катонқарағай (фотоэкскурсия)

Өткен жылы катонқарағайлықтар республика көлемінде атақты жазушы, драматург, жерлесіміз, мақтанышымыз, Өр Алтайдың өр тұлғалы халқы мен мәңгі сұлу табиғатын жырлап өткен Оралхан Бөкейдің 70 жылдығын атап өтті. Осы айтулы мереке қарсаңында, Катонқарағай ауылы мен жазушының туған жері Шыңғыстайда көптеген дайындық жұмыстары жүргізілді. Округ орталығы Катонқарағайда жазушының туған күніне орайластырып, орталық алаңда О.Бөкей атындағы орталық саябақ пен жазушының нар тұлғасы кескінделген ескерткіштің тұсауы кесілген болатын. Осындай мәдени ошақтардың ашылғаннан бері, ауыл көркі тіптен құлпырып кетті. Саябақтың айналасы аббатандырылып, әралуан гүлдер егіліп, маңайына субұрқақ пен ауыл тұрғындары мен алысты-жақынды жерлерден ат басын бұрған қонақтар демалатын орындықтар қойылды.

Алтайдың нар кенжесі - Катонқарағай (фотоэкскурсия)

Орталық саябақтан өтіп, ауылдық әкімдік ғимараты орналасқан орталық алаңға бет бұрсаңыз, күншығыс жақта көзге бірден жуықта ғана жаңадан салынған балалар интернаты мен өлкемізге тізгін бұрған қонақтар сауығып, демалатын «Баян» қонақ үйі түседі. Интернат ғимаратында бұрында аурухана жұмыс жасаған, кейіннен ауданаралық аурухананың жаңадан даңғарадай ғимараты салынғаннан кейін, аталмыш нысан күрделі жөндеуден өткізіп, округтегі ауылдардан келген балаларға интернат ретінде ашуды ойға тартты.

Алтайдың нар кенжесі - Катонқарағай (фотоэкскурсия)

Алтайдың нар кенжесі - Катонқарағай (фотоэкскурсия)

Бұл орындармен танысып болсаңыздар, орталық көшемен батысқа қарай құлдилай жүре берсеңіз, алдымен көше бойындағы жаңадан салынған жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды аңғаруға болады.

Алтайдың нар кенжесі - Катонқарағай (фотоэкскурсия)

Осы бір жолмен күнбатысқа қарай тартсаңыз, алыстан аспан түстес көк шатыры көзге ілінетін ауданаралық аурухана мекемесінің ғимараты шығады.

Алтайдың нар кенжесі - Катонқарағай (фотоэкскурсия)

2012 жылы Катонқарағайда балалар демалысының тиімді өткізілуіне және салуаатты өмір салтын насихаттау, өлкеміздегі туризм саласын дамыту мақсатында елімізде алғашқылардың бірі болып Жас Турист бекеті құрылған болатын. Мекеменің салтанатты ашылуында ауданымыздың жомарт азаматты бекет ұжымына бірнеше спорттық жабдықтарды сыйға тартқан. Жас Турист бекеті аумағы саябақ ретінде ойластырылған. Мұнда әртүрлі гүлдер отырғыщылып, жануарлар мүсіндері мен субұрқақ салынған. Сонымен қатар, шағын футбол алаңы мен шайбалы хоккей қорапшасы да бекет аумағының ішінде орналасқан. Сондықтан, ауыл жастары, балалар бұл жерде қысы-жасы өздерінің бос уақытын тиімді әрі мәнді өткізе алады.

Алтайдың нар кенжесі - Катонқарағай (фотоэкскурсия)

Заманнан аудан көлемінде беделдігімен танылып келе жатқан Ленин атындағы орта мектебінде де өткен жылы қуанышты оқиға орын алды. Мекеме қабырғасына жасанды жартас қабырғасын (скаладром) салынып, оған облыс орталығынан арнайы альпинист мамандар шақырылып, үйірме сабақтарын жүргізген болатын. Бұл да болса, тірек ауылдың дамуына үлес қосқан маңызды іс болғаны.

Алтайдың нар кенжесі - Катонқарағай (фотоэкскурсия)

Сіздер мен біз тамашалап өткен бұл ғимараттар мен мекемелер, демалыс орындары аудан тұрғындарының игілігіне жаратылып жүр. Осылайша, кіші Отанымыз - көрікті Катонқарағай ауылы аудан халқын күн сайын қуантып, болашаққа деген сенімдерін нықтай түскендей.

Алтайдың нар кенжесі - Катонқарағай (фотоэкскурсия)

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив