KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Өскеменде зейнеткер зейнеткерді қағып кетті

8.06.2016, 18:00 186



ШҚО полицейлері зейнеткер әйелді жол үстінде көлігімен қағып кетіп, оқиға орнынан тайып тұрған жүргізушіні тапты.

-Адам қаққан жүргізушіні іздеу жұмыстар ы 2 аптаға созылған болатын. Жол көлік оқиғасына қатысы бар деген күдікпен «ВАЗ-21043» маркалы көлік иесі, Өскемен қаласының 74 жастағы тұрғыны анықталды,-деп хабарлайды ШҚО, ІІД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 24 мамыр күні Протазанов көшесіндегі реттелмейтін жаяу өткелінде, белгісіз біреу 76 жастағы зейнеткер әйелді қағып кеткен болатын. Жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Ал зейнеткер әйел түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Дарын Нұрсапаров




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив