KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да тағы 19 жекеменшік балабақша ашылады

19.05.2015, 18:00 187



Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 5 айында 505 орындық 6 балабақша ашылған. Жыл соңына дейін өңірде тағы да 1943 орындық 19 жекеменшік балабақша пайдалануға берілмек. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің кеңейтілген отырысында облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО ақпарат орталығы.

А.Нұрғазиевтің айтуынша, 2010 жылдан бері өңірде 4244 орынды 50 жекеменшік балабақша ашылған. Ал ағымдағы жылдың 5 айы бойынша Зайсан, Үржар, Аягөз, Ұлан аудандарында 245 орынды 5 балабақша іске қосылғды. Басқарма басшысы мектепке дейінгі білім беру мекемелері құрылысында жыл сайын мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестіктің күшейіп келе жатқанын айтты. Мәселен, тек кәсіпкер А.Мыңбаеваның иелігіндегі облыс орталығында орналасқан «Азамат-1», «Азамат-2» балабақшалары бұл саланың мемлекетке де кәсіпкерге де тиімді екенін көрсетіп отыр. Осы бағыттағы жұмысқа жеке кәсіпкерлердің қызығушылық танытуының арқасында облыстың 3 қаласы мен 8 ауданынан 1943 орынды 19 балабақша салынбақ.

Облыс әкімі Даниал Ахметов алдағы уақытта аймақтағы балабақша мәселесін шешудің өзге де жолдарын қарастыруды тапсырды.

– Облыста білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа да әлеуметтік мекемелерге тиесілі, пайдаланылмай бос тұрған қаншама ғимарат бар. Әсіресе Өскемен, Семей, Риддер, Зырян қалаларында осындай ғимараттар қаншама. Сондықтан аталған қалалардың әкімдері бір ай мерзім ішінде сондай ғимараттарды анықтап, тізімін жасауды тапсыруы керек. Ал, сол ғимаратта кәсібін жүргізіп отырғандар босатып берген жағдайда, кәсіпкерлерге басқа орналасатын орын тауып берілуі тиіс. Аталмыш жұмысқа дұрыс талдау жасалуы тиіс. Бұл өз кезегінде жаңа балабақшаларды салудан 10 есе тиімді әрі арзан, – деп түйді аймақ басшысы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив