KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Болашақ журналистер бір серпілді

26.03.2015, 18:00 191



26-27 наурыз күндері аралығында Алматы қаласының Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті кезекті 6-шы пәндік олимпиадасын өткізді. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл қатысушылар саны да өскен. Еліміздің түкпір-түкпірінен жоғарғы оқу орындарынан жалпы саны 36 студент 12 команда сайысқа түсті. Осы орайда айта кетер жайт, пәндік олимпиаданың басты мақсаты - болашақ журналистердің білімін жетілдіріп, кәсіби шеберлігін шыңдау. Факультет деканының ғылыми-инновациялық жұмыc жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Мысаева Қарлыға Нақысбекқызы олимпиаданың ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Жыл сайынғы өткізілетін пәндік олимпиаданың басты мақсаты әр облыстағы қолына қалам ұстаған дарынды жастардың басын бір арнаға тоғыстыру. Болашақ журналистердің кәсіби шеберлігін шыңдап, қаламы қарымды журналистер санатына қосу»,-деп айта кеткен болатын. Десекте, екі кезеңнен тұрған доданың бірінші кезеңінде студенттердің білім деңгейін бақылау мақсатында «Тележурналистика», «Қазақ журналистикасының тарихы», «Шетел журналистикасы», «Журналистикаға кіріспе» сынды профильдік пәндер бойынша тест өтті. Екі сағат уақытқа созылған тест соңынан университет оқытушылары мен студенттері ұйымдастырған мерекелік шараға ұласты. Келесі күні жас журналистер сайыстың екінші кезеңінде «Ең үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік үнхабар», «Ең үздік онлайн жазба» номинациялары бойынша бақтарын сынады.

Екі күнге созылған олимпиада барша жиылған қауымның көңілінен шықты. Ел үмітін ақтайтын болашақ журналистер білімдерін шыңдап, бір серпілді!

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив