KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Бюджет қаржысы қатаң қадағаланады

5.03.2015, 18:00 170



ШҚО басшысы Даниал Ахметовтің қатысуымен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясы өтіп, 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуат Тұмабаев баяндады. Оның айтуынша, облыстық бюджет параметрлерін нақтылауға облыстың меншікті кірістерінің өзгеруі, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері кірістерінің оңтайландырылуы және кірістердің басым бағыттарға бағытталуы басты себеп болып отыр. Облыстық бюджеттің ағымдағы шығыны бес миллиард теңгеге қысқарған. Даму бюджеті қаржыны қысқарту есебінен ауыспалы нысандар бойынша 1,6 миллиард теңгеге азайған.

Қалалар мен аудандар бюджеттерінің деңгейін теңестіру үшін салықтардың кейбір түрлері бойынша аударымдардың нормативтері бекітілген. Семей қаласында жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша аударымдар нормативі есебінен қалалық бюджет 87,5 пайыз мөлшерінде бекітіліп отыр немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 11 пайызға арттырылған (бір миллиард теңгеге). Кірістердің күтілетін орындалу сомасы және аударымдардың ұсынылып отырған нормативтерінің есебінен шығыстарды қысқарту мүмкіндігі барлық қалаларда және аудандарда жасалған.

Облыстық бюджеттің шығындарын оңтайландыру және қаржыларды қайта бөлу қосымша қаржы көздерін қарастыруға мүмкіндік туғызды. Нақтырақ айтсақ, 2015 жылы инвестициялық жобаларды аяқтауға 1,2 миллиард теңге, тұрғын үйлерге желі құрылысын жалғастыруға - 617 млн. теңге, «Ертіс» ӘКК жарғылық капиталын ұлғайтуға - 3,3 млрд. теңге бөлінеді.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив