KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Глубокое ауданы әкімінің шыршасы өтті

24.12.2014, 18:00 200



Кеше салтанатты түрде ресімделген ШҚО Глубокое к. балалар шығармашылық үйінде Глубокое ауданы әкімінің шыршасы өтті, оған жалпы 156 оқушы санындағы дарынды балалар және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар, жетім балалар қатысты.

Балалар үшін салтанатты мерекені БШҮ педагогикалық ұжымы дайындады. Басты кейіпкерлер - Аяз ата және Ақшақар, сондай-ақ ертегі кейіпкерлері және де де келе жатқан жылдың бейнесі - Ешкі балаларды шын жүректен құттықтады. Балалар ойнап, ән айтты, би билеп, тақпақ оқыды.

Барлық балаларды келе жатқан жаңа жылмен Глубокое ауданның әкімі Арман Ильясұлы Бекбосынов құттықтады. Сондай-ақ шыршаға қатысқан барлық қатысушылар Қазақстан Республикасы Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың видео құттықтау сөзін тыңдады.

Жаңа жылдың бейнесі - Ешкіден балалар ерекше сыйлық алды - бұл жасанды қар.

Аудан әкімі атынан басты сыйлық болып жаңа жылдық кулектар болды - бұл кәмпиттер, жемістер, шырындар, кеңсе тауарлары, альбомдар, және де шыршаға қатысушылардың фотосуреттері бар жеке жұлдызнамамен жеке құттықтау хаттар.

Балалар, өздерінің жүрек жарды қуаныштарымен бізмен бөлісті.

«Осындай шыршада, мен бірінші ретпін, - дейді «Винное ОМ» белсенді оқу озаты, Ефремов Антон, - қуанышым кеудеме сыймайды. Маған бәрі ұнады. Әсіресе шыршаның жаңа түрдегі өту үлгісі,актерлар,аудан әкімі мен келер жыл иесінің сыйлықтары. Осындай керемет мерекеге үшін, баршаларыныңзға ризашылығымды білдіремін».

«Белоусовка ОМ» оқушысы Валерий Растопша: «шырша көңілді және есте қаларлық болды. Оның ішінде, маған, би кеші ұнады, онда көптеген балалармен таныстым» дей отырып, ризашылығын білдірді.

Қойылған қойылым мен оның актерларынан жақсы әсер алғаны, шыршының өте әдемі, ерекше безендірілгені мен оны айнала қол ұстасып әндетіп, ойын ойнаудан алған әсері жайлы , халықаралық МЭСИ конферренциясының жеңінпазы, Пономарева Ульяна бізбен бөлісті.

«Мереке жоғарғы деңгейде өтті, - дейді республикалық олимпиада иегері Фомина Анна, - әртүрлі қызықты костюмдар мен әкімнің сыйлықтары өмір бақи есте қаларлық сый болды».

«Белоусовска ОМ» оқышылары, Хажбикарова Жанетта мен Кузнецов Андрейға, аудан әкімінің арнайы жаңа жылмен құтықтауы мен арнайы оқушылардың фото суретімен жасалынған құқтықтау хаты мен жұлдызнама ұнады.

«Малоубинка ОМ» оқушылары шыршадан қатты әсер алды, әсіресе аяз ата мен ақшақардың ойындары мен көріністерінен.

Осындай керемет жаңа жылдық шыршаны ұйымдастырғандары үшін, ауданның білім беру бөліміне рахмет!

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив