KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Жеке меншік бала-бақша Тұңғыш Президент күні қарсаңында ШҚО-да ашылды

27.11.2014, 18:00 205



ШҚО Аягөз қаласында Тұңғыш Президент күні қарсаңында 25 орындық жеке меншік «Ботақан» балабақшасы пайдалануға берілді. Мектепке дейінгі білім беру нысаны құрылысына 26 млн. теңге, жабдықтарына 6 млн тенге қаражат жұмсалған. Бұл жайлы ШҚО ақпараттық орталығы хабарлайды.

Балабақша толығымен бүгінгі заман талабына сай жабдықталған. Мұнда әрқайсына 13 бала қатынайтын, 2 топ қарастырылған. Әр топта арнайы 2 жатын бөлмесі бар. Балалар тәулігіне 5 уақыт тамақтандырылады. Аягөз ауданының ішкі саясат бөлімі берген хабарламада «бөбекжай-балабақша мемлекеттік стандарт талабына сай оқу іс-әрекет бағдарламасымен жұмыс жасайды. Балабақша қызметкерлері оқу-әдістемелік және оқу іс-әрекетіне қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген», - деп көрсетілген.

Нысанның ашылуы қаладағы 15 адамды (4 тәрбиеші, 11 тех. қызметкер) жаңа жұмыс орынымен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Мұнда логопед, дефектолог және психолог, хореограф, ағылшын тілінің мамандары қызмет атқарады.

2015 жылдан бастап аталған балабақша мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс жасайтын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив