KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Аягөз қаласында жаңа балабақша ашылды

8.01.2014, 18:00 199



Аягөз қаласында мектепке дейінгі тәрбие беретін білім ордасы есігін айқара ашты. №6 балабақшаның ашылу салтанатына ШҚО Әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов, аудан әкімі Нұрбол Нұрғалиев, ақын Несіпбек Айтов, жазушы Сұлтан Оразалин, айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин мен ақын Қалқаман Сарин арнайы келіп қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Балалар – еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы. Сондықтан да балаларға тиісті дәрежеде жағдай жасау, олардың денсаулығын жақсарту, саналы тәрбие мен сапалы білім беру – басты мақсат, – деді салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған облыс Әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.

Елбасының тапсырмасымен «Балапан» бағдарламасы аясында бой көтерген 200 орындық №6 бөбекжай-балабақша құрылысын «Алау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Оның құрылысы мен жабдықтарына облыстық бюджеттен 305, аудандық бюджеттен 12 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Бөбекжай-балабақшада 10 топ бар, әр топта – 20 баладан. Әр топта арнайы 10 жатын бөлмесі бар. Балалар 4 мезгіл тамақтанатын болады.

Балабақша қызметкерлері қажетті оқу-әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар 3 медициналық бөлме барлық қажетті құралдармен толық жабдықталған. Балабақшада логопед, дефектолог және психолог мамандары арнайы жабдықталған бөлмелерде жас ерекшеліктеріне сай тілдегі ақауы бар балаларға қызмет көрсетеді.

Т.Тілеубердіұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив