KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалар жинағының факсимилдік нұсқасы жарық көрді

26.10.2014, 18:00 271



Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Шәкәрімтану» орталығында Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалар жинағының факсимилдік нұсқасы жарық көрді. «Шәкәрім кітапханасы» сериясымен шыққан бұл басылымдарға ақынның 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жарық көрген «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» кітаптары, сонымен қатар 1924 жылы жарық көрген А.Пушкиннен аударған «Дубровский әңгімесі» аудармасы енді.

«Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының мәтіндік бірізділігі - күрделі мәселе. Оған себеп ақын қолжазбаларының аумалы-төкпелі заманда өртеніп, жоғалып мұрагер ұрпақтың қолына тимеуі, одан бергі саяси қуғын ақын мұрасын сақтап қалуға мүмкіндік бермеді. Қолжазбалардың сақталмауы жүйелі, тиянақты ізденістерге қолбайлау болып келе жатыр.

Басты мақсатымыз - Шәкәрім Құдайбердіұлының әр жылдарда шыққан шығармалар жинақтарына жүйелі-кешенді текстологиялық талдау жүргізу. Соның нәтижесінде ол шығармаларды канондық мәтін деңгейінде айналымға түсіріп, әр алуан нұсқада оқылып жүрген ақын шығармаларын бірізге түсіру», - дейді жоба жетекшісі профессор А.Еспенбетов.

«Шәкәрім кітапхансы» сериясы әлі де жалғасын табады. Бүгінде орталықта Шәкәрім шежіресінің, «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының факсимилдік нұсқалары әзірленуде.

Ақмарал Смағұлова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив