KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 4 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде «Жастар қалашығының» құрылысы басталады

23.05.2014, 18:00 118



Биыл Өскеменде «Жастар қалашығының» құрылысы басталады. Аталған қалашықтың ең басты нысанының бірі – «ақылды үй» технологиясымен, басқа да инновациялық жаңалықтармен жабдықталған экоүй болмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ақпараттық орталықта өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы
Жасұлан Сәрсебаев жастар қалашығының БҰҰ-ның даму бағдарламасы мен ғаламдық экологиялық қордың қаржылай қолдауы бойынша салынатынын айтты.

Өскеменде «Жастар қалашығының» құрылысы басталады

Қазір экоүйді күн батареяларымен, су жылыту қазандықтарымен, «ақылды үйдің» смарт-технологияларымен жарақтандыруға қаржы бөлініп отыр. Жаңа нысанның құрылысына 34 млн. теңге қажет.

Жастар қалашығының көркі болатын экоүй алдағы қазан айында салынып бітеді. Киіз үй пішінінде салынатын үй аты айтып тұрғандай, экологиялық жағынан таза материалдардан жасалмақ.

Маусым айында Нью-Йоркте өтетін бүкіләлемдік жастар форумында өскемендік экоүйдің тұсаукесерін өткізу жоспарланып отыр.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив