KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде мұз қалашығының құрылысы әлі жүріп жатыр

20.12.2012, 18:00 150


Облыс орталығындағы Республика алаңы мен Комсомол аралында мұз қалашығының құрылысы әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімі баспасөз қызметіне сүйеніп.

Өңірімізде екі аптадан артық тұрып алған аяз мұз қалашығы құрылысының дер кезінде аяқталуына кедергі келтіріп-ақ тұр. Соған қарамастан Комсомол аралындағы жұмыстарды 26-желтоқсанда аяқтау жоспарланған. Сол күні 17.00-де мұз қалашығы салтанатты түрде ашылмақ.

Мүсінші Ермек Дәрібаев мұз қалашығының құрылысын «Өскемен-Тәртіп» кәсіпорны жүргізіп жатқанын айтады.

-Біз Аяз ата мен Ақшақардың мүсіндерін орнатамыз. Әрқайсысының биіктігі сәйкесінше 3,5 және 2,5 метрге жететін олар қалашыққа кіре берісте қонақтарды қарсы алып тұрады. Бұдан басқа зодиактың 12 белгісі, биіктігі 3 және 1,5 метр болатын екі сырғанақ төмпешігі мен мұз бекінісі салынады., - деп құпияларымен бөлісті мүсінші.

Қазір шыршаның маңындағы айдын құйылып жатыр. Аязды күндердің бір пайдасы, мұз жеткілікті. Әр мұз кірпішінің салмағы 10 килограмм, көлемі 30және 40 сантиметр.

Республика алаңында ертегі кейіпкерлерінің 6 мүсіні мен бекініс орнатылады. Бұл жердегі қалашық желтоқсанның 28-29 жұлдыздарында дайын болады.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив