KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Өскеменнің көшелерінде алғашқы «ақылды аялдамалар» жұмыс істей бастады

22.03.2013, 18:00 151


Наурыз мерекесінен бастап Өскеменнің көшелерінде алғашқы «ақылды аялдамалар» жұмыс істей бастады. Олар адамдарға автобустың қай уақытта келетіні туралы ақпарат береді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Ақпарат-аялдама» қанатқақты жобасының авторы – облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма. Бұл жолы жастар өздерінің қиялдарын заманауи технологияның көмегімен іске асыра білді. Кешелі бері «ақылды аялдамалар» Өскемендегі «Спорт сарайы», «Ушанов алаңы» және «45-ші гастроном» аялдамаларына қойылды.

Таймері бар терминалдың көмегімен кез келген адам өзіне қажетті автобустың қашан келетінін және оның қай жерде жүргенін біле алады. Ал мұндай ақпараттарды беру үшін қоғамдық көліктерге GPS пен ГЛОНАСС құрылғылары орнатылады. Әзірге ақпарат беру құрылғысы бір ғана №42 автобуста бар.

Басқарма басшылығы бұл жүйені кезең-кезеңімен жыл соңына дейін толық енгізетіндерін айтуда.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив