KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Кенигсберг қаласын алу шабуылына қатысқан ардагерлердің кездесуі өтті

9.04.2014, 18:00 83



2014 жылғы 10 сәуірде Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Ұлы Отан соғысының ардагерлері – Кенигсберг қаласын алу шабуылына қатысушылармен кездесу өткізілді. Жыл сайын болатын бұл дәстүрлі кездесу өнер мұражайында биыл он бесінші рет өткізілді.

Соғыстан кейін Өскеменде Кенигсберг шабуылына қатысқан 68 адам болған еді. 2000 жылы өткізілген алғашқы кездесуге 35 адам жиналған болатын. Уақыт аяусыз, бүгінгі күні олардың саны – бесеу ғана. Денсаулықтарына байланысты екеуі келе алмады да, кездесуге А.Е.Аркатов, О.А.Грохотов және Қ.Рахимов қатысты.

Кенигсберг қаласын алу шабуылына қатысқан ардагерлердің кездесуі өтті

Ардагерлерді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің үрлемелі аспаптар оркестрі әскери марш әуенімен қарсы алды. Залға жиналған әр ұрпақтың өкілдері, қаладағы №№4, 20, 39 мектептердің, Белоусовка кенті мектебінің, Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің оқушылары тікелей Кенигсберг шабуылына қатысқан соғыс ардагері Құрмат Рахимовтың, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Геннадий Бердюгиннің естеліктері мен әңгімелерін қызыға тыңдап, өз кезектерінде ардагерлерге арнайы әзірлеп әкелген концерттік номерлерін тарту етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив