KZ
Өскемен
+34°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
464.72 496.32 5.4

Кенигсберг шайқасының соңғы жауынгері

10.04.2018, 12:28 232

2000 жылдан бастап Шығыс Қазақстан өнер музейінің ұжымы жыл сайын 9-сәуірде – Кенигсберг қала-қамалын (қазір – Калининград)  неміс фашистерінен азат еткен күні, сол қала үшін шайқасқа қатысқан өскемендік Ұлы Отан соғысының ардагерлерін шақырып, қонақ етіп, құрметтеп келеді. Ең алғашқы сондай кездесуге келген 37 адамнан, жыл өткен сайын азая келе, міне, он сегіз жылдан соң сол сұрапыл шайқасқа қатысқан жауынгерлерден жалғыз адам – отставкадағы полковник, «ІІМ Құрметті ардагері», «Өскемен қаласының Құрметті азаматы», Күршім ауданының тумасы Құрмат Рахимов қалған екен.


Көп жылдар бойы қалыптасып қалған игі дәстүрді бұзбай, 9-сәуір күні ШҚ Өнер музейінің директоры Бекайым Ұябаева, музей қызметкерлері Нина Михайлова мен Светлана Перова тоқсан төрт жастағы ардагерді үйіне барып құттықтап қайтты. Олар Құрмат ақсақалдың айтқан өзінің өмір жолы мен майдан әңгімелерін қызыға тыңдады.


- Мен Құрмат атаның еске сақтау қабілетіне қатты таң қалдым, - дейді барған қонақтардың бірі Нина Николаевна, - ол басынан өткізген оқиғаларының барлығын қай жылы, қай күні өткендігіне дейін айтып отырды.


- Мен әскерге педагогика техникумында оқып жүргенде шақырылдым, - дейді ардагердің өзі, - сондықтан да мектепте жұмыс істеу менің маңдайыма жазылмапты. 1943 жылдың соңында Москва түбіндегі Кунцево қаласындағы оқу пунктіне әкеліп, сержанттыққа оқытып, майданға жіберді. Құрмат Рахимов барған әскери бөлім Россия мен Белоруссияның шекарасында екен. Шайқаса отырып олар бүкіл Белоруссияның, Литваның, Шығыс Пруссияның жерлерін азат етіп, соғысты Кенигсбергті алумен аяқтады.

Құрмат аға шығармашылықпен де айналысады екен. Оның «Родился в Курчуме», «Наедине с памятью» және «И это все о Ней» атты үш кітабы жарық көрген.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив