KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

«Қазақтелеком» АҚ-ның ғимаратында өрт шықты

22.01.2014, 18:00 82


Өскемен қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ-ның ғимаратында өрт шығып, бір адам құтқарылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың жер төлесінде орналасқан аулашылардың бөлмесінде жиһаздардың ағаш құрандылары, есік және терезе жақтауларының, шаруашылық бұйымдары мен арнайы киімдерінің жанып жатқанын анықтаған. Қып-қызыл от барлығы 15 шаршы метр аумаққа жайылған.

Құтқарушылар өрттің шығуына себеп ретінде бірнеше болжам қарастыруда. Оның ішінде электр жабдықтарын құрастырған кезде қауіпсіздік техникасын сақтамау немесе өртке қарсы ережені бұзу сияқты болжамдар айтылды.

Өрт кезінде бір адам құтқарылды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив