KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Қазақтың ұлттық ойындарынан оқушылар арасында аймақтық жарыс өтті

23.12.2013, 18:00 244



Қазақтың ұлттық ойындарынан оқушылар арасында аймақтық жарыс Өрел орта мектебінде өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ел Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай ұйымдастарылған жарыстың мақсаты оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық спортқа деген ынталарын оята отырып, ой- өрістерін дамыту болып табылады.

Сайыстарға қатысушыларға бірыңғай талап пен ережелер қойылды. Олардан ұлттық ойын түрлеріне қарай ұлттық киім үлгілерін кию талап етілді.

Қазақтың ұлттық ойындарынан  оқушылар арасында аймақтық жарыс өтті

Жеткіншектер ұлттық ойындардың бірнеше түрінен бақтарын сынасып көрді. Олардың арасында тәуекел, асық, жамбы ату, бес тас сияқты жиналғандар үшін тансық ойын түрлері де кездесті.

Сонымен қатар қазақша күрес, тоғызқұмалақ, теңге алу сияқты дәстүрлі спорт түрлері де назардан тыс қалмады. Аймақтық жарыстарда 10-17 жас аралығындағы оқушылар сайысқа түсті.

Жарыс қорытындылары бойынша жеңімпаздарға құрмет көрсетілді.

Қазақтың ұлттық ойындарынан  оқушылар арасында аймақтық жарыс өтті

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив