KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями Штиль
450.79 482.21 5.05

Таскескенде асық атуда колледж директорына шақ келер жан болмады

28.03.2018, 07:28 127

Бұл күндері көнере бастаған ұлттық салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып, кейінгі буын еншісіне жаңа сипатта қалдыру басты мақсаттарымыздың бірі болып отырғаны жасырын емес. Қазір жер-жерде асық ату, ләңгі тебу сынды ұлттық спорт түрлеріне жататын ойындарымыз барынша айшықталуда.


Жуырда Таскескен ауылындағы Қанағат Шарахметов жетекшілік ететін «Үржар колледжі» оқу орнында асық атудан тартысты сайыс болып өтті. Оған колледж директорының өзі қатысып...бас жүлдені жеңіп алды. Жиылған жұрт аса тартысты өткен сайыстан ләззат алды деуге болады. Өйткені, ойын барысында жанкүйерлердің дауысынан құлақ тұнды.


Сөйтіп, асық ату ойындарынан  I орынға колледж директоры Қанағат Шарахметов  шықса, II орынды І курс студенті Қабден Ризат жеңіп алды. Ал III орынды ІІ курс студенті Нұр Қалибаев иеленді.


Ойын соңынан «Үржар колледжінің» директоры Қанағат Шарахметов өзінің «шебер ойын өрнегін» көрсетуінің сырын ашты:


-Шынын айтқанда, ойыным тасып асық атқан жоқпын. Күні кешеге дейін ұлттық спорт түріне жатуға шақ қалған осынау асық ату ойыны өзіме қатты ұнайтын. Бала кезімде де асықты жаман ойнамадым. Енді бүгінгі балаларға өз білгенімізді үйрету-басты мақсаттарымыздың бірі ғой. Үйде, болмаса бір бұрышта қалта телефонына үңілгенше балалардың таза ауада асық атқанын қалаймын. Осы сайысты ұйымдастырудағы да арман сол болатын. Осы ұлттық спортымызды одан әрі жаңғыртып алып кетсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Колледж директоры осылайша ұлттық спорт түріне балалардың қызығушылығын оятты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив