KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,4 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Шығыс өңіріндегі су қоймаларында қатер жоқ емес

22.11.2013, 18:00 203


Шығыс өңіріндегі су қоймаларында қатер жоқ емес. Биыл тамыз айында Катонқарағайда орын алған сел қаупі кез келген уақытта өзге жерде қайталануы ықтимал. Бұл жайында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қалихан Байғонысов баяндады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан су ресурстары жағынан елімізде алдыңғы орында. Тек Ертіс өзенінің бассейнінде 13200 тонна су ағыны, Балқаш-Алакөл бассейнінде 198 өзен бар.

Алайда шығысқазақстандықтарға Ертіс өзенінен келер қауіп жоқ екен. Қара Ертістің су ағыны Ертіс, Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі су қоймалары арқылы реттеледі.

Бұл ретте өңірдегі су қоймалары мен олардың меншік иелерін есепке алу бойынша іргелі жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, өңірде 203 гидротехникалық құрылым есепке алынған. Оның ішінде 102 су қоймасы «Шығыс су қоймалары» мемлекеттік мекемесінің, 70 су қоймасы республикалық меншіктің қарауына алынғаны анықталды. Жекеменшікке жиырмадан астам су қоймалары қарайды. Дегенмен, өз баланстарына берілген су қоймаларын қабылдау жауап-кершілігінен қашып отырғандар да бар.

Облыс басшысы барлық су қоймаларын есепке алып, құжаттау жұмыстарын толығымен аяқтау керектігін, осы арқылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға тозығы жеткен су қоймаларына жөндеу жүргізу керектігін атап өтті.

– Қыс басталып келеді. Ертең кездейсоқ су деңгейі көтеріліп кетсе, суды қабылдайтын қоймаларымыз болуы керек. Сондықтан қай аудандарда қиындық бар, сол жердегі су қоймаларының жағдайын жіті тексеруіміз қажет, – деген облыс басшысы республикалық ведомстволардың кейбір ұстанымдарына сын айтып, олардың облыс мүддесіне жұмыс істеуін қатаң ескертті.

Думан Анаш
Мәлімет көзі:Altaynews.kz.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив