KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Семейде үш адам пойыз астына түсіп қалды

17.10.2013, 18:00 118


Семейде жыл басынан бері үш адам пойыз астына түсіп қалды. Теміржол бойында тәртіпсіздікке баратындар – негізінен, жасөспірімдер. Пойыздың астына түскен үш адамның екеуі қаза тапса, біреуі ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Теміржол бойының қауіпсіздігіне жауап беретін мамандар бұл күндері дабыл қағуда.

2015 жылы мамандар жолаушылар пойызының жылдамдығын арттырмақшы, мұндай жылдамдықта адамдар өміріне деген қауіп жоғарылай түсетіндігі айтпаса да түсі-нікті. Осыған орай қала полицейлері қазіргі уақытта шұғыл алдын алу шараларын өткізуде. Шара барысында ата-аналар мен жасөспірімдер арасында жол ережелері мен жол қауіпсіздігіне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.

– Ата-аналар жұмыста болғанда, балалары қараусыз қалады, – дейді «Семей» стансасы желілік ішкі істер бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Жанар Сәпиева. – Бос жүрген балалар теміржол бойына жиналып, вагондардың әйнектерін сындыру әрекеттеріне барып жүр. Пойыздың кестеден кешігуі ел қазынасына шығын әкеледі. Мұндай фактілер анықталған кезде, қылмыстық іс қозғалатындығын айта кеткім келеді. Себебі, пойыз ішінде отырған адамдар да уақытында жете алмай бөгеліп, зардап шегетіндігін ұмытпау керек.

Жасөспірімдердің пойыздарға тас лақтырып, терезесін сындыру салдарынан жолаушылардың денсаулығына нұқсан келтіру, теміржол бойында ұрлық жасау сынды заңбұзушылықтардың көбеюіне орай тәртіп сақшылары да қырағы қимылға көшті. Кәмелетке толмағандардың құқықбұзуларының алдын алу мақсатында, сондай-ақ, ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөс-пірімдерді қадағалау үшін Семей қалалық ЖІІБ «Бос уақыт» жедел алдын алу шарасын да ұйымдастыруда.

– Қалада екі пойыздың әйнектерін сындыру оқиғалары тіркелді. Алғашқы оқиғада белгісіз біреулер жүк пойы-зының әйнегін сындырған. Ал заманауи тепловоздың сынған әйнегі аса қымбат бағаланады. Жасөспірімдердің бірі лақтырған тас шыныны сындырмаса да, шытынатып жіберіпті. Келесі бір оқиға «Бішкек – Новосібір» бағытындағы жолаушылар пойызында орын алды. Пойыздың вагондарында екі әйнек сынған. Абырой болғанда, лақтырған тастан жолаушылар зардап шеккен жоқ, – дейді инспектор Жанар Сапиева.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив