KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Ағайынды жасөспірімдер көлік астына түсіп қалды

16.10.2013, 18:00 189


Семей қаласында 10 және 8 жастағы ағайынды екі оқушы жол апатына түсті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясының мәліметтеріне сәйкес, зардап шеккендерді Сәтпаев көшесімен келе жатқан Нексия шетелдік көлігі қағып кеткен. Шаһардағы №18 мектепте оқитын ағайынды балалар бастарынан жарақаттанған.

Жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алған 446 жол-көлік апатында 35 адам қайтыс болды, 447 жүргінші әртүрлі жарақат алған. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда осындай жол оқиғаларының саны 47,7 пайызға артқаны байқалады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив