KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Серіктестік 100-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр

6.10.2013, 18:00 120


Бородулиха ауданындағы «Жерновское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таяу жылдары ет бағытындағы ірі қара малын 800 басқа жеткізуді жоспарлап отыр.

Иелігінде жеті мың гектар жер бар серіктестік ұжымы мал және егін шаруашылығымен айналысуда. Биыл диқандар төрт мың гектарға бидай, 500 гектарға қарақұмық, 2,5 мың гектарға күнбағыс өсіріп, бидай, қарақұмық алқабының әр гектарынан 15 центнерден өнім жинап алып жатыр. Бұған қоса күнбағыстың әр гектарынан 10 центнерден өнім алуды межелеп отыр. Төрт мың тонна сүрлемдік жүгеріні орға бастырып, екі жылдық мал азығы қорын дайындап алды. Қазіргі уақытта малшылар 600 бас симментал және қазақтың ақбас сиырларын күтіп бағуда.

Диқан-механизаторлар егін орағы науқанына жан-жақты әзірлік жұмыстарын жүргізді. Серіктестік соңғы бес жылдан бері жылына 100 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған. Астық тазалайтын қырманды қайта жарақтандырып, 4 млн. теңгенің жабдықтарын орнатты. Алынған астықты ысырапсыз сақтау үшін 6,5 млн. теңге жұмсап, әрқайсысының сыйымдылығы үш мың тонна болатын бес қойма салды.

Серіктестікте 100-ден астам адам еңбек етіп жүр. Малшылар мен механизаторлар шаруашылықтың өз жұ-мысшыларына арналған жиырма тұрғын үйінде тегін тұрып жатыр. Сондай-ақ, науқандық жұмыстар кезінде көмекке келген адамдар тұратын жайлы жатақханасы да бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив