KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Зырянда 80 мың тоннадан астам астық қамбаға құйылды

3.10.2013, 18:00 149


Зырян ауданының диқандары егін орағын бітіруге таяп қалды. Қазіргі уақытта аудандағы шаруашылықтар 80 мың тоннадан астам астықты қамбаларына құйды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудан бойынша бидай алқабының әр гектарынан орта есеппен 20,5 центнерден өнім жиналды. Өткен жылы әр гектардан 12 центнерден өнім алынған болса, биылғы нәтиже одан әлдеқайда жоғары болып отыр.

Бұл күндері майлы дақылдар алқабында егін орағы қызу жүріп жатыр. Диқандар рапстың әр гектарынан орта есеппен 14,4 центнерден өнім жинауда. Кейбір шаруашылықтарда рапстың өнімділігі бұдан да жоғары болып отыр. Жанатбек Бұғыбаев басқаратын «Нивы Чапаево» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы рапс алқабының әр гектарынан 25 центнерге дейін өнім алуда.

Аудандағы элеваторлар астықты қабылдап, тез арада кептіріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив